KZ | RU | EN
 
Жабдықтар тізімі
Компания туралы

«Алтынмед» компаниясының саясаты қарапайым және әр уақытта жұмыс істейтін формулаға келіп саяды: кәсіби дәрігер + медициналық ноу-хау.

Осы екі түсініктің түйісуі – біздің басты мәселе! Біздің жақсы жақтарымыз, біздің визитка, керек десеңіз! Біз отандық «емдеуді», ғылымды қажет ететін зерттемелер арқылы әлемдік деңгейге шығарудың шешімдерін табамыз. Айқын көз, қайтарылған қол және жинақталған тәжірибе жүгі – жақсы дәрігердің жалғыз-ақ құралы болған кез артта қалды.

Қазір, бұл аз! Медицина жоғары технологиялық ғылым санатына ауысуда. Дәл біз, қазақстандық мамандарды инновациялық жабдықпен таныстырамыз. «Алтынмед» қазақстандық емдеу-диагностикалау тәжірибесіне жаңа дәрежелі медициналық технологияны енгізуде.
Және бұл біздің міндетіміздің тағы бір бөлігі – елімізде денсаулық сақтаудың дамуын ынталандыру!  

 

Алтынмед міндеті

Қазақстандық дәрігерлерге әлемдік дәрежедегі мамандар болуына мүмкіндік беретін шешімдерді ұсыну. 

 

Алтынмед құндылықтары

  • Дәрігер диагностикалау мен емдеу процесіндегі басты тұлға. Біздің міндет – дәрігерді алдыңғы қатарлы жоғары сапалы жабдықпен құралдандыру.
  • Жабдықты жеткізу – міндеттің бір бөлігі. Технологиялармен, шеберлікпен, біліммен бөлісу – біздің екінші міндет.
  • Жеткізілетін жабдықтың масштабы мен күрделілігіне қарамастан, біздің жұмыс уақтылы және кәсіби орындалады. 

 

Бiздің тарих

«Алтынмед» компаниясы 2007 жылғы 2 шілдеде Астанада құрылды. Ал 2008 жылы ISO 9001:2000 халықаралық сапа жүйесі бойынша сертификатталды. Қазақстандық медициналық өнімнің рыногында жас және шамшыл компаниясы, сенімді және сыналған серіктес атағын да алып үлгерді. ҚР заңнамасы талап еткендей лицензияны алу, оны растау болып табылады. 

  • Фармацевтикалық қызмет жүргізуге мемлекеттік лицензия. Медициналық техниканы және медицинаға арналған бұйымдарды көтерме cату.  
  • Рентген жабдығын таратуға мемлекеттік лицензия.
  • Атом энергиясын пайдалану саласында қызмет көрсетуді ұсынуға мемлекеттік лицензия.
  • Иондаушы сәулелену көздерімен айналысұға мемлекеттік лицензия.

«Алтынмед» бүгінгі күні – табысты, заманауи, штаты кәсіби мамандардан құралған ширақ дамып келе жатқан компания. «Алтынмед» өзінің ең жаңа техниканы жеткізудің икемделген тәжірибесін әлемдік медициналық жабдықтау рыногынан пайдаланады. «Алтынмед» денсаулық сақтау саласындағы технологияның ірі өндірушілерімен тығыз серіктестікте жұмыс жасайды.