KZ | RU | EN
 
Жабдықтар тізімі
Өндірушілер

Weinmann Medical Technology

Weinmann Medical Technology емделушіге жедел медицина және респираторлы жәрдем саласында пайдалану үшін адамға диагностика жүргізу, емдеу және өмірін сақтап қалумен байланысты жоғары сапалы жүйелі шешімдерді әзірлейді және ұсынады.

Partner for Life: Емдеуде медикалық-техникалық процесті қамтамасыз етуге қатыстырылатын адамдар, сондай-ақ олардың істерінің маңыздылығы – бұның барлығы табысты жұмыс негізінің сенімділігін жасайды.
Weinmann толық және нақты диагностиканы жүзеге асырумен қатар, емдеу тәжірибесінде кеңінен қолдану үшін инновациялық, рентабельді және жеке жүйелі шешімдерді - емделуші, дәрігер және тапсырыс беруші үшін пайда келтіретіндей етіп жасайды.

Бүгінгі күні Weinmann Medical Technology әлемнің 55 елінде өзінің өнімін ұсынады.
 

Philips

Компанияның штаты әлем бойынша 33 000 қызметкерден тұрады.

Сату мен қызмет көрсетулер 60-тан астам елде жүзеге асырылады.

Өндіріс: Нидерланды, Германия, Финляндия, Израиль, АҚШ

Қызмет саласы:

  • Клиникалық жүйелер – ультрадыбыс, кардиожүйелер, клиникалық респираторлық жүйелер.
  • Визуализация жүйелері – медициналық радиология, компьютерлік томография, магнитті-резонанстық томография, ПЭТ, рентгенография.
  • Медициналық информатика – радиология, кардиология, клиникалық бөлімшелер, емделушілердің мониторингі.
  • Сервистік қызмет көрсету – консалтинг, оқу, қаржылық қызметтер, ортату және қызмет көрсету.
  • Амбулаторлық емдеу.

Philips рентгенография, ультрадыбыс, компьютерлік томография және өзге облыстарда инновациялық үш өлшемді визуализацияда ерекше акцент жасайды. Біз кардиоваскулярлы рентгенография және ультра дыбыс жүйелерде, емделушінің жағдайын бақылау жүйелерін өндіруде көшбасшы болып табыламыз.
 

 

BTL

BTL Indusries Компаниясы (Чех-Ұлыбритания) 1993 жылы құрылған.

Компания төрт түрлі салада жұмыс істейді: физиотерапия, кардиология, косметология және пульмонология.
Физиотерапия саласындағы өнімдер өзіне электротерапияны, лазерлі терапияны, ультрадыбыстық терапияны және магнитті терапияны, сондай-ақ кушеткалар мен медициналық ванналарды өндіруді қамтиды.
Компания кардиология саласында электрокардиографтардың, бағдарламалық қамтамасыз ету және холтер мониторингке арналған жабдықтың кеңейтілген диапазонын ұсынады.

Пневмология өнімдеріне портативті спирометр және ЭКГ-ге арналған спирометрикалық апгрейд опцияларына жатады.
 

Рентгенпром

«Рентгенпром» АҚ 1996 жылы 19 ақпанда құрылды. Бүгінгі күні кәсіпорын Ресейде рентгентік медициналық техниканың ірі өндірушісі болып отыр.

«Рентгенпром» ЖАҚ — ресейдегі жалғыз пленкалы флюорографтар шығаратын компания және біздің елде аса кең тараған цифрлы рентгентік аппараттардың екі типін:

  • сканерлейтін аппараттар;
  • ПЗС-детекторларымен хрентген тіркеуші камералар пайдаланатын аппараттарды шығаруды игерген Ресейдегі жалғыз өндіруші.

Омнимед

«Омнимед» - төтенше жағдайларда адамның өмірін сақтау мен медициналық көмектің міндеттерін кешенді шешуге арналған жабдықтарды әзірлеу және өндіру саласындағы ресейдің жетекші кәсіпорны.

Компания 2011 жылдың ақпанында нарықтағы табысты жұмысының 15-жылдығын атап өтті. Компания өзінің жабдықтарын ТЖМ және күштік құрылымдарға, зілзалалардың медициналық орталықтарына, жедел жәрдем станцияларына, емдеу-профилактикалық мекемелеріне, апаттан құтқару құрамаларына, дене шынықтыру, спорт және туризмдік ұйымдарға, құрылыс және өнеркәсіп кәсіпорындарына және өзге ұйымдарға жеткізіп тұрады.

Компанияның жеткізу географиясы – Ресейдің барлық өңірлері, ТМД елдері және алыс шетел.

Омнимед сайты

Soring GmbH

SoringGmbH Компаниясы хирургияның ультрадыбыстық және жоғары жиілікті аппараттарын өндіру бойынша әлемдегі жетекшілердің бірі болып табылады. Soring екі онжылдық бойы әлемдік нарыққа жоғары жиілікті және ультра дыбыста инновациялық шешімдерді ұсынуда.

Soring жабдықтары әлемдік және қазіргі заманғы стандарттардың барлық талаптарына сәйкес келеді. Soring аппараттары бір операция бөлмесінде бірнеше операция жүргізуге мүмкіндік беретін мультифункционалды. Бұл технологияда пайдаланылатындардың көбісі әлемде аналогы жоқ.

Soring табысы – бұл инновациялық шешімдердің ымырасыз ізденісі және өнімнің айнымас жоғары сапасы.

SoringGmbH сайты

Chirana

Компанияның тарихы 1952 жылдан, Словакияда «Хирана» медициналық техникасының тапсырысты өндірісінде және жөндеуде мамандандырылған фабрика ашылған уақыттан бастап саналады. Бүгінгі күні Chirana-Dental жоғары класты стоматологиялық жабдықтың өндірушісі болып табылады.

Chirana сайты

Viasys

Viasys healthcare сайты
 

B.Braun

«SharingExpertise» ұраны зерттеудің көп жылғы жиналған тәжірибесімен алмасудың ғаламдық миссиясын, өнеркәсіптік өндірісті және медицина ғылымымен тығыз қарым-қатынасты көрсетеді.

Компания 167 жыл дамуында адамдардың денсаулығын қорғауға жауапкершілік кімде болса, солармен бөлісе алатын білім жинады. Компания Б. Браун үш бөлімшесінің өнімін ұсынады. (HospitalCare) госпитальды өнімі бөлімше қызметіндегі басымды бағыты инфузионды ерітінділер, клиникалық құралдармен тамақтану, инфузионды сорғыштар және қарқынды терапияға арналған керек-жарақтар – инфузияға арналған бұйымдар, орталық және шет тамырлар катетерлері, регионарлы анестезияға, урологияға, дренажға, биопсияға арналған жинақтар мен компоненттер. Aesculap бөлімшесі хирургиялық құралдарды, тігіс материалдарын, интервенциялық кардиологияға арналған өнімді және басқа хирургиялық құралдарды ұсынады. OPM (OutPatientMarket) бөлімшесі зәрі тоқтамау және стоманы күтуге арналған дезинфекция және гигиеналық құралдар өнімін ұсынады.
 

B.Braun сайты 

Eckert & Ziegler BEBIG GmbH

Eckert&Ziegler BEBIG GmbH (BEBIG Isotopen- undMedizintechnikGmbH) Неміс компаниясы арнайы аксессуарлар мен аппликаторларды пайдалану арқылы, медициналық қолданыста радиациялық көздерді өндіруде брахитерапия үшін жабдықтарды әзірлеу мен өндіруде мамандандырылады.

Eckert&Ziegler BEBIG GmbH сайты